Құралайды үйде асырап отыр
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты «Асар» шаруа қожалығында 60-қа жуық құралай өсіріліп отыр. Мамандар бұл ақбөкендер арасында кездесетін инфекциялық ауруды анықтауға мол мүмкіндік беретінін айтады. Қазір зертханалық тексеру жүргізу үшін арнайы ғалымдар келіп, зерттеу жүргізуде.