Ақбөкеннің жойылуының негізгі факторы – олардың өнімдерін ішкі және халықаралық саудада заңсыз сататын браконьерлер. Әдетте, контрабанданың негізгі нысанасы ерекше құнды ақбөкен мүйіздері болып табылады. Тек еркектердің мүйізі болғандықтан, олар жойылған кезде гендерлік теңгерімсіздік пайда болады, бұл популяцияны қалпына келтіруге орны толмас зиян келтіреді.
Сонымен қатар, киіктердің жойылуының маңызды факторы ретінде - ретсіз аң аулау, олардың мекендейтін ортасын бұзатын суару каналдары, жолдар мен құрылыстарды салу шаралары болып табылады. Бұлар өз кезегінде ақбөкендердің табиғи қоныстануы мен қоныс аударуына кедергі келтіріп, дала бөкендерінің популяциясының азаюына әкеліп соқтырады.
Ақбөкен популяциясының мөлшеріне әсер етудің экономикалық факторын атап өткен жөн – бұл жергілікті халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және жерді пайдаланудың дұрыс жоспарланбауы, нәтижесінде дала бөкені – ақбөкенге орны толмас зиян келтіреді. Тек ұлттық және халықаралық деңгейде ынтымақтастық арқылы ғана ақбөкендерді сақтау мен тұрақты пайдалануға қол жеткізуге болады.
Жаңалықтар