Skip links

Қазақстан жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияның (ЖМЖ) қатысушысы болып табылады, ол дала бөкендерін сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану, оның ішінде браконьерлікке қарсы патрульдік қызметті күшейтуге бағытталған шараларды құру бойынша (ЖМЖ) өзара түсіністік туралы меморандумын белсенді түрде жүзеге асырады.

Бұл ашатұяқты жануарларды қорғау халықаралық деңгейде қарастырылып отыр. Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN), БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), CITES (жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) және басқа да ұйымдар ақбөкенге қатысты жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Ақбөкеннің таралу аймағына жататын мемлекеттер (Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия жəне Ресей) арасында CMS меморандумы əзірленді жəне қол қойылды. Дала бөкенін сақтау мәселелері табиғатты қорғау бойынша конференцияларда, съездерде, семинарларда үнемі талқыланады.

Өздеріңіз білетіндей, ақбөкен 1973 жылы Вашингтонда жасалған жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) II қосымшасына енгізілген.

Қосымша қазіргі уақытта жойылып кету қаупі төнбесе де, олардың тіршілігімен сәйкес келмейтін қолданыстың кесірінен жойылып кету қаупі бар түрлердің үлгілерімен сауда қатаң түрде реттелмесе, солай болуы мүмкін барлық түрлерді; бірінші тізімдегі кейбір түрлердің үлгілерімен сауданы тиімді бақылау үшін реттеуге жататын басқа түрлерді қамтиды.

Табиғатты қорғау саласындағы маңызды халықаралық жобалардың бірі 1858 жылы құрылған Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS), штаб-пәтері Франкфурт-на-Майнеде, Германияда. Ұйымның қызметі биологиялық әртүрлілікті сақтауға және қорғалатын табиғи аумақтар мен көрнекті шөлейт аймақтардағы жабайы табиғат пен экожүйелерді сақтауға бағытталған. FZS 18 елде 30-ға жуық жобаны басқарады және қолдайды, олардың бірі біздің мемлекет – Қазақстан.

Халықаралық бірлескен жоба Қазақстанның бірегей жайылымдары мен олардың негізгі түрлерін қорғауға арналған. Бастама Қазақстанның орталық бөлігінде қорғалатын жайылымдар желісін құруға бағытталған. Бетпақдала популяциясының ақбөкендеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар дала мен шөлейттердің экожүйесінде негізгі рөл атқарады. Жобаның жергілікті серіктестері – Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы (AKVK) және Құстарды қорғау Корольдік қоғамы (RSPB).

2006 жылы жойылып кету қаупі төнген ақбөкенді сақтау және қорғаумен айналысатын зерттеушілер мен табиғат қорғаушылар желісі Ақбөкенді сақтау альянсы құрылды. Жабайы табиғатты қорғау желісі Альянсқа серіктестікке үміткер мәртебесін берді.

Альянс ақбөкеннің далалық экожүйедегі іргелі рөлін ұмытпай, жергілікті тұрғындар үшін мәдени және экономикалық құндылығын көрсете отырып, Орталық Азия далаларының өкілі ретінде ақбөкеннің мәртебесін қалпына келтіруге күш салуда. Альянс Қазақстан аумағында жұмыс істеп, ақбөкен таралу аймағын сақтауға үлес қосады.