Skip links

Ақбөкеннің төлдерін сүтпен қоректендірудің бірнеше әдістері бар, оның ішінде дәрумендер, микроэлементтер, балық майы, тауық жұмыртқасы қосылған ірі қара малдың шикі сүтіне КСРО патенті бар. Дегенмен, Жәңгір хан университетінің ғалымдары жас құралайдың өсіп-жетілуі үшін оларға балалар тағамына арналған құрғақ сүтті беру - ең жақсы әдіс деген қорытындыға келді.

Сүтті кезеңдегі жас құралайлар 15-20 бастан тұратын топтарға бөлініп, ауданы 500 шаршы метрге жуық жеке алаңқайда шоғырландырылады. Бұл жер 1,8 м биіктікке дейін тордың өлшемі 3 * 3 см болатын металл немесе пластик тормен қоршалған. Сүт кезеңінде қоршаудың бұл түрі өсу және даму процесінде жас жануарлардың жарақаттануын болдырмау үшін пайдаланылады. Тәлімбақта суару орындарымен, жем-шөппен және күннен қорғайтын қалқамен жабдықталған, сыртқы және ішкі жарықтандыру және бейнебақылау жүйесі қосылған. Құралайлардың сүт ішетін уақыттарын қызмет көрсетуші жұмыскерлер азықтандыру кестесіне сәйкес жүргізеді және әр басқа берілетін сүт санын тіркей отырып, әр малға мөлшерленеді, бұл киіктердің денсаулығын бақылауға және дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Құралайларды сүтпен азықтандыру кезеңі жас жануарлардың өсуі мен дамуы туралы мәліметтерді жинау мен тіркеуде ең көп уақытты қажет ететін кезең. Сонымен қатар жастарға экологиялық мақсаттағы тəрбие беру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін ең жақсы жəне аса тиімді кезең болып табылады. Бұл кезеңде жас құралайлар өте бейімделгіш болып келеді және адамдармен, құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге тез үйренеді, ал болашақта олар өсіп, жетілген сайын бұл сипаттары жоғала бастайды.