Skip links
«Бетпакдала ақбөкендер популияциясының миграциялық жолдары»
Басылым:

«SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY» атты XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Астана, 2023. (56 – 60 бет.)

Ақбөкендер популяцияларына көптеген түрлі: табиғи-климаттық (жұт, құрғақшылық, миграция жолдарындағы су бөгеулері), биологиялық (аурулар, паразиттер, жыртқыштар), антропогендік (браконьерлік, кәсіптік аулау және басқа да адамның шаруашылық әрекеттері) факторлар әсер етеді. Олардың әсері не тікелей жануардың өліміне әкеледі, не оның өсімін молайтатын репродуктивтік әлеуетін кемітеді. Бұл аталған факторлардың ақбөкендер популяциясына тигізетін әсері жылдың әр кезеңінде әртүрлі, яғни біркелкі емес. Ертеде ақбөкендер санының өсу динамикасына көбіне табиғи-климаттық факторлар әсер ететін болған. Мысалы қар қалың немесе көктайғақ болған кездері олардың өлім-жітімі он және жүз мыңдаған ақбөкендерді құраған. Кей жылдары олар аусыл және әсіресе пастереллез ауруларынан жаппай қырылатын. Кейін қолайлы жылдары олардың саны қайтадан қалпына келетін. Алайда соңғы 2015 жылғы ақбөкендердің жаппай қырылуы еліміз бойынша дала антилопасы санын апаттық деңгейде азайтты. Қырылуға дейінгі саны 256,7 мың дарақты құраған жануар небары бір айдың ішінде үш облыстың аумағында 134 мың немесе 52,2% жуық ақбөкендер қырылды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша ақбөкендер қырылуының негізгі себебі В типті гемаррогиялық септицемия (пастереллёз) - Pasteurella multocida қоздырушысы болып отыр.

Автор:

Ибрайбеков Ж.Б.

«Pathological anatomical changes in saigas infected with coenurosis cerebralis»
Басылым:

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетініңғылыми-практикалық журналы «Ғылым және Білім» №2-1 (71) 2023. (22 – 29 бет.)

Мақалада таспа құрттың дернәсілдік сатысынан тундаған паразиттік ауру - ценуроз жұқтырған жануардың жарып-союы сипатталған. Өлекседе орташа сіресу байкалды, іші ісініп, көздері жұмылған. Барлық ауру жануарлардың көкбауыры жұмсарған, тіндердің құрылысы бұзыған. Тері астындағы майды тексеру кезінде дене майынын белгілері анықталды, бірақ олар қызыл нүктелермен дақталған. Лимфа түйіндері де ісінген, қою қызыл, дымқыл, ұсақ қызыл нүктелермен дақталған, олардың бетінен қызыл сұйықтық аққан. Өкпе үлкейген, консистенциясы бос, серозды қабығында көптеген қара-қызыл нүктелер көрінеді, бетінен қанды сұйықтық аққаны байқалды. Жүрек босаган, үлкейген, жұмсак консистенциялы екені анықталды. Бауыр толык қанды, үлкейген, бетінде көптеген қою қызыл нүктелер бар, ал өт қабы орташа мөлшерде толтырылған, тастар мен паразиттер жоқ.

Авторлары:

Кушалиев К., Душаева Л., Қожаева A., Сабыржанов A.

«Орал популяциясы киіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларымен өзара байланыстарын статистикалық бағалау»
Басылым:

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми-практикалық журналы «Ғылым және Білім» № 2-1 (67) 2022. (57 – 64 бет.)

Мақалада ауыл шаруашылығы жануарлар санының киіктер санына әсерін бағалау бойынша материалдар берілген. Мақалада беделді басылымдардағы жарияланымдарға және эмпирикалық талдау нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, теориялық негіздеме келтірілген. 2007 жылдан бастап жануарлар санының тұрақты өсуі байқалды. 2010-2012 жылдары ұсақ малмен ірі қара мал саны төменгі көрсеткіште көрсетті. Сәйкесінше, 2018 жылдан бастап Орал популяциясының киіктері саны өсе бастады. Алайда, киіктер санына түйелердің ықпалы әлсіз екені мақалада көрсетілген талдаудан байқауға болады. 2010-2020 жылдардағы киіктердің санының орташа мәні 180 229 басты құраса, ең төменгі мәні 17 900 және ең жоғары мәні 545 000 басты құрады. Мән бере кететін жайт, жануарлар санының ең үлкен ауытқуы киіктер саны екені белгілі болды. Ал, ірі қара малдың санының стандартты ауытқу - 81 1751 және үлгі дисперсиясы - 6 683 176 160 құрады. Регрессиялық талдауға киік, ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы және түйе алынды. Ірі қара мал санының киіктердің санына ықпалы жоғары екені мына регрессия теңдеуінен Y=-716480+1.75Х көрігу болады. Дәл осындай нақты теңдеу нәтижесі киіктер мен жылқылар санының өзара байланысын көрсетеді R2=0,76-ға тең немесе 76%. Сондай-ақ, қой мен ешкі және түйелер санының өзгеруі киіктер санының ауытқуына әлсіз әсер ететіні байқалды.

Авторлары:

Кушалиев К.Ж., Жангалиева Е.С. Қожаева А.Р., Ибыжанова А.Д.