«ASAR Live» тәлімбағы ақбөкендерді жартылай еркін жағдайда ұстаудағы алғашқы отандық тәжірибелік алаңы болмаса да, ең үлкен қоршау алаңы бар және ақбөкендерді жартылай еркін жағдайда ұстаудағы отандық ғалымдардың барлық үздік тәжірибесін пайдаланатын орталықтың алғашқысы.
Қолданыстағы ғылыми платформа жануарлар тіршілігінің әртүрлі кезеңдерінде және жыл маусымдарында бақылаулар жүргізуге, ветеринарлық қызмет көрсету үшін заманауи құралдар мен жабдықтарды пайдалануға және сынауға, ғылыми зерттеулер мен сынақтар жүргізуге, сондай-ақ жастар мен жергілікті тұрғындардың экологиялық білімін дамытуға мүмкіндік береді.
Осылайша, ақбөкен өсіру орталығы жабайы фауна өкілдерін сақтауға арналған бірегей орын, ғылыми-зерттеу алаңы, ұлттық спорт пен ойын-сауықты қамтитын экологиялық-этнографиялық туризм аймағы, сондай-ақ бизнес пен жануарлар саудасының бірегей нысаны болып табылады.