Skip links

Толығырақ

«ASAR Live» ЖШС 2021 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және «АСАР» шаруа қожалығымен бірлескен үшжақты келісім аясында құрылды. Серіктестікте ғалым мамандардың жіті бақылауымен ақбөкен популяциясын сақтау шараларымен айналысады, осы түрдің жойылу мәселелерін шешуге байланысты барлық іс-шараларды ұйымдастырады және қатысады. Сонымен қатар, ақбөкендерді өсіру және қолға үйретуді қамтитын арнайы тәлімбақ құрды.

«ASAR Live» ЖШС қызметі ақбөкендердің физиологиялық жағдайы мен жасын ескере отырып, азықтандыру мен қолға ұстаудың оңтайлы жағдайларына бағытталған барлық зоогигиеналық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ететін ветеринариялық-ұйымдастырушылық шаралар кешеніне бағытталған. Табиғаттан алынған және тәлімбаққа тасымалданатын әрбір ақбөкен қызметкерлердің мұқият бақылауында болады. Тәлімбақ аумағына жеткізілгеннен кейін әрбір ақбөкен жүйелі диспансерлік тексеруден өтеді.

Бұл шаралар ақбөкен ауруларының белгілерін уақтылы анықтау және оларды мүмкіндігінше тез жою, жаңа аурулардың пайда болуына жол бермеу үшін жүргізіледі, өйткені жойылудың маңызды факторларының бірі браконьерліктен басқа, ақбөкендердің жұқпалы ауруларға да сезімтал болып келуіне байланысты.

«ASAR Live» тәлімбағы киіктерді жартылай еркін жағдайда күтіп-баптау және өсіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында арнайы құрылған. Айта кетерлік жайт, тәлімбақтың өзінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалған: күн батареялары арқылы электр қуатына қол жеткізу, зерттеушілерге ғылыммен айналысуға мүмкіндік беретін тұрғын үй, тұрмыстық жағдайлар, байланыс үшін жоғары жылдамдықты ғаламтор да қол жетімді.

«ASAR Live» тәлімбағы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен, хайуанаттар бағының мамандарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ақбөкен популяциясын сақтау және тұрақты өсіп-дамуы мәселелерін шешумен айналысады.

Жаңалықтар