Жануарлар дүниесiн ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат алу тәртiбi ғылыми ұйымның бекiтiлген ережелерiне сәйкес және бекiтiлген мерзiм шегiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми мақсатта аулаудың биологиялық негiздемесiн дайындауынан басталады. Сонымен қатар, тиісті күнтізбелік жылға аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аулауға қойылған шегіне байланысты жүргізіледі.
Дайындалған және ғылыми ұйым бекіткен биологиялық негіздеме https://ecoportal.kz/ Бірыңғай экологиялық порталында қоғамдық талқылауға шығарылады және республикалық немесе облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық тыңдаулар жарияланады. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижесі ашық талқылау барысында айтылған мүдделі тараптардың пікірлері мен сұрақтары көрсетілген жобаны қоғамдық талқылау хаттамасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының https://elicense.kz/ Электрондық лицензиялау порталында ғылыми мақсатта жануарларды аулау биологиялық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім беріледі, оған қоғамдық тыңдаулар хаттамасы қосылып тіркеледі. Биологиялық негіздемені қараудың бекітілген мерзіміне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі, сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жануарлар дүниесін ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат алу рәсімі жалғастырылуы мүмкін. Ал мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме пысықтауға жіберіледі немесе қараудан бас тартылады. Бұл басқа биологиялық негіздеменің әзірленуіне және жоғарыда аталған рәсімнің қайталануына әкеп соқтырады.
Жануарлар дүниесін ғылыми мақсатта пайдалануға мемлекеттік рұқсат алу үшін https://elicense.kz/ жүйесіне рұқсат беру туралы өтініш жүктеледі. Сонымен бірге аккредиттелген ғылыми ұйым әзірлеген бекітілген биологиялық негіздеме қосымшасы, қоғамдық тыңдаулар хаттамасы, Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы, Қазақстан Республикасындағы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, мемлекеттік ветеринария ұйымының эпизоотияның алдын алу және киіктерді алу үшін мемлекеттік бажды төлеу мақсатындағы жыл сайынғы жұмыс жоспары жүктеледі. Өтініште рұқсат алушының, жауапты адамдардың деректері, алып қоюға жататын жануарлардың саны мен жынысы, алып қою әдістері мен мерзімдері көрсетіледі.
Нәтижесі – Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау жүйесінде тіркеліп, https://elicense.kz/ порталында онлайн режимінде тексерілген жануарлар дүниесін ғылыми мақсатта пайдалануға мемлекеттік рұқсат алу.